«Әль-Хаким»мешіті:қайырымдылық шарасы өткізілді
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі.«Әль-Хаким» мешітінде көмекке мұқтаж көпбалалы отбасылар мен тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктер салынған сегіз отбасыға себеттер таратылды.
Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде:
«Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар» – деп баяндаған.
Шара соңында көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.