blog Images

«Әль-Хаким»мешіті:полиция қызметкерлерімен кездесу өтті

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің бас имамы Шаденов Айғабыл Дәуірханұлы полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында отбасындағы зорлық-зомбылық жайлы уағыз-насихат айтты.Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды.

Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, жанұялардағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, қызметкерлермен  сұрақ-жауап алысты.