blog Images

«Әль-Хаким»мешітінің имамы жазасын өтеуші азаматтармен кездесті

Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің имамы Дінмұхаммед Шындаулетұлы ҚАЖД №77 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті.

Кездесу барысында имам сотталған азаматтарға дәстүрлі ислам құндылықтарын түсіндіріп, «Діни экстремизм-қоғам дерті » туралы жан-жақты насихат жүргізді. Ол қоғамда алауыздық туғызатын теріс діни ағымдардан сақтанудың жолдарын атап өтіп, әрбір мұсылманға өз сенімінде дұрыс бағыт ұстанудың маңызын жеткізді.

Жазасын өтеушілер имамға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Жиын соңында олар тағылымды уағыздан рухани сабақ алып, ризашылықтарын білдірді.