blog Images

«Әль-Хаким»мешітінде Палестиналық мұсылмандарға дұға жасалды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінде жұма намазынан кейін қиын жағдайға ұшыраған Палестина халқы үшін арнайы дұға жасады.

Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз.Алла Тағала жер бетін түрлі бүліктер мен соғыстан аман еткей!