«Әль-Хаким»мешітінде «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы өтті
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті.
Шара барысында 30 балаға мектепке қажетті сөмке мен оқу құралдары табыс етілді.
Мешіттің имамы Дінмұхаммед Шындәулетұлы оқушыларға оқу жолында сәттілік тілеп, игі іске атсалысқан жомарт жандарға алғысын жеткізді.


