«Әл-Хаким» мешітінің имамы ата-аналар жиналысына қатысты
Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Айғабыл Дәуірханұлы Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылында орналасқан №15 жалпы білім беретін мектебінде жүргізілген түсіндірме жұмыстарына қатысты.
Білім ордасы оқушыларының ата-аналарымен өткен кездесу барысында Айғабыл Дәуірханұлы ағамыз бала тәрбиесінің маңыздылығы туралы сөз қозғап, әке-шешенің бала-шағасының алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктеріне қатысты қағидаларды қамтып насихат айтты.
Бұдан бөлек, жиналыс барысында электронды темекінің зияны, оқушылардың беймезгіл уақытта көшеде жүруі және т.б. өзекті мәселелер көтерілді.