«Әль-Хаким» мешітінің бас имамы телеарнаға сұхбат берді
«Әль-Хаким» мешітінің бас имамы Шәденов Айғабыл Дәуірханұлы Маңғыстау арнасында тікелей эфирдің арнайы қонағы болып,сұхбат берді.
Бағдарлама барысында «Әль-Хаким» мешітінің бас имамы «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында сұхбат берді.
« Дініміз бен дәстүрімізге берік бола алсақ қана елдігімізді сақтап,дербестігімізге ие болып қаламыз.Дәстүрлі діннен,ділі мен тілінен,әдет-ғұрпынан ажыраған елдің болашағы жоқ.Сол үшін рухани құндылықтарымызды құнттай білгеніміз жөн» -деп дін мен дәстүр сабақтасығын түсіндіре отырып,салиқалы сұхбатпен өрбітті.