blog Images

“Әль-Хаким” мешітінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Тазалық – иманның жартысы» деген ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін басшылыққа алған дін қызметкерлері мен жамағат бірлесе отырып,мешіт ауласын қоқыстан тазартып, шөптерден тазартып сыпырып,кешенді тазалық жұмыстарын жүргізді.