“Әль-Хаким” мешітінде 60 шәкіртке айттық таратылды
Қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай,Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен 60 бүлдіршінге “Құрбан айт тәттілері” таратылды.
Кішкентай балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында мешіт қызметкерлері бүлдіршіндерге тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілер салынған сыйлық дорбаларын үлестірді.Сондай-ақ,мешіт ауласында балаларға ойын батуттары орнатылып,тегін қызмет көрсетті.
