“Әль-Хаким” мешітінде 50 бүлдіршінге “Рамазан тәттілері” таратылды
Қасиетті Рамазан айында Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен 50 бүлдіршінге “Рамазан тәттілері” таратылды.
Кішкентай балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында мешіт қызметкерлері бүлдіршіндерге тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілер салынған сыйлық дорбаларын үлестірді.


