blog Images

«Әл-Хаким» мешіті: Құрбан айт намазы оқылып, мерекелік шара ұйымдастырылды

Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде Құрбан айт намазы оқылып, арнайы шара ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Айғабыл Дәуірханұлы құлшылық үйіне жиналған қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жамағатпен бірге айт намазын оқыды.

Осыдан кейін жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен жүзеге асқан шара барысында елді мекен тұрғындары арқан тартыс, гір көтеру сынды ұлттық ойын түрлерінен сайыстарға қатысты.