

«Әль-Хаким» мешіті 15 отбасыға қайырымдылық жасады
Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешіті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Сауабы мол игі шара барысында мешіт қызметкерлері 15 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға,көп балалы отбасыларға қайырымдылық жасап, күнделікті тұтынуға қажетті бір айлық азық-түлік салынған қораптар үлестірді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.