

«Әл-Хаким» мешіті: 100 балаға Құрбан айт сыйлығы берілді
Құрбан айт мерекесіне орай Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешіті жергілікті балаларды қуанышқа бөледі.
Ізгі шара барысында мешіт имамы Айғабыл Дәуірханұлы және дін қызметкерлері Құрбан айттың мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында 100 балаға тәттілер салынған сыйлық қорапшаларын үлестірді.