«Әйел және отбасы» атты семинар өтті
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Әйел және отбасы» атты семинар ұйымдастырылды.
Танымдық шара барысында өңіріміздегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, ұстаз Ұлдаулет Қоңыратбайқызы «Әйел және отбасы» тақырыбында баяндама жасап, нәзік жандылардың отбасындағы міндеттері жайлы кеңінен айтып берді.
Өз кезегінде семинар қонағы, психолог Абадан Танатқызы жанұяда орын алатын келіспеушілік пен түрлі қиын жағдайлардан шығу жолдарымен бөлісті.