blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: Әйел шәкірттер емтихан тапсырды

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің әйел-қыздар шәкірттері махрадж (әріптердің дұрыс айтылуы) дәрістерін аяқтап, емтихан тапсырды.

Ауызша және жазбаша кезеңдерден тұрған емтиханға 34 шәкірт қатысты. Нәтижесінде 18 шәкірт сынақтан сүрінбей өтіп, арнайы сертификаттарға ие болды.