blog Images

Әйел-қыздар секторы:Ұлттық дәстүр ұлықталды

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде « Ихсан және насихат»,»Дін мен дәстүр» бағыты аясында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әжелер мектебі» атты шара өтті.

Игі іс- шарада әжелеріміз қазақи салт -дәстүрімізбен бірге дінімізді дәріптеп жас келіншектерге өз ақыл кеңесін айтып, қыздарымызға орамалдың маңызын, жауапкершілігін түсіндіріп оны калай тағу керектігін іс жүзінде көрсетті.Сондай-ақ шара барысында 5 қыздың ішінде екі карындасымыз бұдан былай орамалды шешпейтіндігін  айтып жұртты куанттырды.

Ізгі қоғамдағы отбасылық құндылықты сақтауда әжелер мектебінің  атқаратын ықпалы зор.Қазақта ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі — әжелер екені даусыз. Тұла бойы тұңғышын әжесінің тәрбиесіне беріп, » атасы мен әжесінің баласы» деп есептеп, солардың бауырына басатын қазақ ғана. Әжесі бауырына басып мешіктеп алған баланы «менің балам» деп өзінің ата анасы да айтпаған. Бұл ене мен келіннің арасындағы бір сыйластық іспеттес. Ал көргенді қарт ата мен әже баланы еш уақытта өзінің әке-шешесінен алыстатпаған, оларды да қадірдеуді, құрметтеуді міндеттеп отырған.

Жақсы әйелдің сөзінде даналық, рухында нәзіктік пен кіршіксіз тазалық, адамдармен қарым-қатынасында әрдайым өзін еріксіз сыйлататын және құрмет тудыратын қасиет болады. Парасатты жандар оның әлгіндей асыл қасиеттерін сезіп, пенделік сезімдерін ғибрат пен терең ойға еріксіз бұрады. Арлы, тәрбиелі және өз ошағына берік әйелдің үйі – Жәннаттың бір бұрышы. Ислам әйел адамның мәртебесін көтерді, әдебі мен тәртібін үйретті. Сол заңдылықтарды ұстана отырып амал жасап, салихалы әйел болып, Алланың разылығы мен жәннатына қол жеткізу әйел атаулысының өз қолында.