blog Images

«Мектепке жол»:Сүйінқара батыр мешітінде 30 балаға оқу құралдары табысталды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен Қарақия ауданы, Жетібай ауылындағы «Сүйінқара батыр» мешітінде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.

Игі шара барысында мешіт ұжымы мен жамағаттың бірлесуімен 13 отбасыдан шыққан 30 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтар сыйға тартылды. Бұл бастама – әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың балаларына жаңа оқу жылы қарсаңында көмек көрсетуге бағытталған игі істің бірі.

Шара соңында ұйымдастырушылар өскелең ұрпаққа ақ тілектерін білдіріп, білім жолында биік белестерді бағындыруларына тілектестік танытты.

Алла Тағала өскелең ұрпағымызды иманды, білімді де білікті азаматтардан етсін!