blog Images

ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ БОЙЫНША «РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ»ЖИЫНЫ ӨТТІ

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Маңғыстау облыстық әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “қасиетті Рамазан айына дайындық” атты мешіт ұстаздарымен жиын өтті.

Жиында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы әйел-қыздар секторы бойынша мешіт ұстаздарына Рамазан айында атқаралатын іс-шаралар жоспарын таныстырып, қайырымдылық шаралары ,Құран әліппесі мен намаз үйрену курстарын ұйымдастыру т.б. мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.