blog Images

Әйел-қыздар секторы 2024 жылдың жұмыс жоспарын айқындады

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен қала және аудан әйел ұстаздарына арналған жиналыс өтті.

Жиналыс барысында бас имам Әнуар Ізімбайұлы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, ҚМДБ ның 2024 жылғы бес бағыты бойынша ҚМДБ бекіткен бағдарламаға сай тапсырмалар жүктеді.

Маңғыстау облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы өз кезегінде «Әйел-қыздар» секторының 2024 жылғы жоспарымен таныстырды.Сектор жетекшісі ұстаздарды ауызбіршілікте болуға,бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.
Жиналыс барысында көп жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан бірнеше ұстаз алғыс хатпен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында ұстаздар жыл аясындағы атқарылған жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.