“Әбіш қожа”мешітінде 30 зағип жанға қайырымдылық көмек берілді
Ораза айт мерекесінің құрметіне орай “Айтта жақсылық жасайық” атты акциямен Жаңаөзен қаласы орталық Әбішқожа мешітінде 30 зағип отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Зағип жандарды қолдау мақсатынды ұйымдастырылған шара барысында 30 зағип отбасыға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік салынған себеттер үлестірілді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіріп,жұмыстарына береке тіледі.
