blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:Жамағат арасында жарыс өткізілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт айына орай Пайғамбарымыз (с.а.с) өмір баянымен танысып, сауатын арттыру мақсатында жамағат арасында жарыс өтті. 

Жарыс әділ болу үшін қазіргі заманғы технологияны пайдалана отырып мобилді косымшамен тест аркылы өткізілді. Пайғамбарымыз с.ғ.с  өмірі жайлы жазылған  «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы ұсынылып катысушылар өз бағын сынады.Жалпы жарысқа қатысуға 200 үміткер өтінім берген.Сайысқа дайындыққа үміткерлерге 1 ай уақыт берілді.Нәтижесінде байқауға қатысқан жамағатқа сыйлықтар үлестіріліп,жеңімпазға Умра қажылығы  сыйға берілді.