blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:Жамағат арасында қалааралық жарыс өтті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт  жамағаттары арасында футболдан қарааралық жарыс өтті.

Жарысқа Ақтау,Атырау,Құлсары,Жаңаөзен қалаларынан мешітт жастары қатысты.Өткен жарыста 19 команда болып ойын көрсетіп,бақ сынады.Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен  ойыншылар  сый-сияпаттармен  марапатталып,Жаңаөзен қаласының жастары 1-орын иеленді.

Әуелі бірнеше ғана жамағаттың бастамасы бүгінгі күні бірнеше топқа бөлініп ойнай бастауы болашақ жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра бастаса керек-ті.

Алдағы уақытта спорттың басқадай түрлерінен жарыс ұйымдастыру, осылайша жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жалғаса бермек.