blog Images

«Әбіш қожа мешіті»:Студенттерге насихат жұмыстары жүргізілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Дабаров Рысбек Жаңаөзен қаласы Политехникалық колледж студенттерімен “ Отбасы құндылықтары” тақырыбында уағыз насихат жұмыстарын жүргізді.

Отбасы – мейірім мен махаббаттың, жан тыныштығы мен ауызбіршіліктің ұштасқан ордасы. Жарасым тапқан әр отбасы – мемлекет тыныштығының кепілі.Уағыз-насихат жұмыстары барысында наиб имам студенттердің сұрақтарына жауап беріп , ой бөлісті.

Құранда «Олар сен-дерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» — делінген. Ата-анасының татулығын көріп өскен баланың бойында кешірімділік пен сүйіспеншілік сынды жақсы қасиеттер қалыптасады. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген қанатты сөздегідей әр отбасы мүшелері бір-бірін түсініп, үндестікте өмір сүрсе, ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүрлеріміз бен қазақы құндылықтарымыз ғасырдан-ғасырға жалғасары сөзсіз,деді-наиб имам.