blog Images

«Мектепке жол»акциясы: «Әбіш қожа»мешітінде 210 балаға оқу құралдары табысталды

ҚМДБ«Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен Жаңаөзен қалалық орталық «Әбішқожа» мешітінде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шара аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардан шыққан 210 балаға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектер табысталды.

Акцияның басты мақсаты – балалардың білім алуына қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуына мүмкіндік жасау.

Шара барысында ата-аналар мен балалар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, қайырымдылық шарасының игі бастамасына алғыс айтты.