blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:қайырымдылық шарасы өткізілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шарасы өткізілді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында 25 отбасыға  күнделікті ең қажетті азық-түлік себеттері үлестірілді.