blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:»Қайырымды жұма» акциясы өтті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде «Қайырымды жұма» акциясы бойынша қайырымдылық шарасы өткізілді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында 25 отбасыға  күнделікті ең қажетті азық-түлік себеттері,ет үлестірілді.Сонымен қатар ,садаканың пайдасы, адамдардың бір- біріне мейірімілігі,жанашырлық отбасындағы жылулық жайлы  насихат айтылды.Шара соңында ұйымдастырушыларға аналар батасын беріп, алғыс айтты.