blog Images

“Әбіш қожа” мешітінің бас имамы марапатқа ие болды

Бүгін Жаңаөзен қалалық орталық “Әбіш қожа” мешітінің бас имамы Тулемаганбетов Кажмукан Далубаевич “Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үлесі үшін”  арнайы марапатқа ие болды.

Өткізілген шараға өңірдегі  әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысқан,ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынасты нығайту жолында еңбек еткен зиялы қауым өкілдері шақырылды.

Алғыс хаттарды Жаңаөзен қаласының әкімі Қосуақов Айбек табыстап,марапатталған жандарға ел руханиятының дамуына сіңірген қызметтері үшін алғыс айтты.