blog Images

«Әбіш қожа» мешітінде «Рамазанға дайындық» семинары өтті

«Ислам және отбасы құндылығы»жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Рамазанға дайындық» семинары өтті.

«Әбіш қожа» мешітінің ұстазы Мұңайтпасқызы Айдана ұстаз семинарда Рамазанға қатысты мәселелерді кең көлемді түсіндіріп,Рамазан оразасының артықшылығы баяндалып,кешірім мен мүмкіндік айы жайлы,оразаның нығметі турасында насихат айтты.Семинар соңында жиналған қыз келіншектердің сұрақтарына жауап берді.