blog Images

“Әбіш қожа” мешітінде Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

Жаңаөзен қаласы орталық “Әбіш қожа” мешітінде Құрбан айтқа қатысты брифинг семинар өтті

Мұсылмандардың ұлық мейрамы болған Құрбан айт мерекесі жақындауына орай Жаңаөзен қаласы, Орталық “Әбіш Қожа” мешітінде мешіт жамағаттарына “Құрбан айтқа қатысты үкімдер” және “Құрбандық шалудың тарихы және үкімдері” атты семинар өтті.

Семинарға қатысушы жамағатқа “Әбіш Қожа” мешітінің найб имамы Жорақұлұлы Әбдімүтәліп “Құрбан шалудың ең алғашқы тарихы”, “Құрбан шалудың мұсылмандарға міндет болуы” және “Құрбан шалудың абзалдығы мен сауаптыры” тақырыптарын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ “Әбіш Қожа” мешітінің наиб имамы Өтеген Берік “Құрбан шалуға қатысты үкімдер”, “Құрбандыққа қандай малдар жарамды”, “Құрбан шалудың уақыты” жайлы түсіндіріп, қосымша жамағаттан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Келген жамағаттар алған жауаптарына толық қанағаттанып қайтты.