«Әбіш қожа» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде 20 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Шара барысында әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға күнделікті қажетті азық -түлік салынған себеттер табысталды. Имамдар жамағатқа қайырымдылықтың маңызы мен сауаптары жайлы насихат айтып, бір-біріне демеу болуға шақырды.
Мешіт ұжымы игі іске атсалысқан жомарт жандарға алғыс білдіріп, қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
