blog Images

“Әбіш қожа” мешітінде “Nisa Quiz” атты білім сайысы өткізілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қыздар жамағаты арасында “Nisa Quiz” атты интелектуалды логикалық сайыс өтті.

Әйел-қыздардың діни сауатын арттырумен қатар  білімдерін тексеру, жас зияткерлерді шапшаң ойлай білуге дағдыландыруға бағытталған сайыста логикалық және діни сұрақтар қойылды.Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз атанғандарға арнайы  сыйлықтар табысталды.