blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:Мешіт қызметкерлеріне семинар өткізілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы Тулемаганбетов Кажмукан Далубаевичтың ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлері және қаланың белсенді азаматтарына арналған «Ислам және Ізгі қоғам» тақырыбы аясында семинар өтті. Сонымен қатар, дәулетті жандарды қайырымдылық іс-шараларына белсенді араласуын ұйымдастыру талқыланды.

Еске сала кетейік,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне бағдарлық баяндамасын жолдап, 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялаған болатын.