blog Images

«Әбіш қожа мешіті»:Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Дабаров Рысбек мектеп оқушыларымен “Есірткісіз болашақ” атты  тақырыпта кездесу өткізді.

Іс -шарада “Денсаулық аманат”, “Есірткісіз болашақ”тақырыбында уағыз насихат жүргізілді. Мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында өткізілген кездесуде наиб имам зиянды әрекеттердің кесірі туралы тәжірибе өткізіп , оқушыларды тәжірбиеге қатыстыра отырып  денсаулықтың қадіріне көз жеткізді.

 «Адамның тәні – Алланың аманаты. Аманатқа қиянат жасау мұсылман адамға жараспайды. Әрине, пенде баласы көбіне бұған бейжай қарап, аманат жүгін лайықты түрде арқалай алмайды. Сондықтан даналарымыз «денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» дегенге сай келіп жатады. Көбіне адамның басына іс түскенде оңды-солына қарап, жасаған қателігіне қайта ұрынбауға тырысады. Бірақ жауапкершіліктен оңай құтыла алмаса керек. Себебі, адамға ерік қалауы берілгеннен кейін таңдауды өзі жасайды»,деді наиб имам.