

«Әбіш қожа» мешіті:»Ислам және ғылым» атты ғылыми мәжіліс өтті
«Ислам және отбасы құндылығы»жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде «Ислам және ғылым» атты ғылыми мәжіліс өтті.
Жиынға «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Өтеген Берік, «Қосай ата» мешітінің наиб имамы Бежен Серікболат қатысып,жамағатқа насихат айтты.Мәжілісте Имам Ағзам мен Имам Матуруди өмірбаяны, ғылым жолындағы өмірі, ақидалық ойлары, өз заманында күрескен ағымдары, кәләм ғылымына қосқан үлесі және Имам Матуруди Имам Ағзамның ақидасын таныстырған тұлға екені туралы кең көлемде түсіндірілді.