blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:3000 дана Рамазан кестесі таратылды

«Ислам және отбасы құндылығы жылы» қасиетті Рамазан айы қарсаңында Жаңаөзен қаласы орталық Әбіш қожа мешітінің қызметкерлері халық көп шоғырланатын үлкен дүкендерге,сауда орындарына және көшедегі халықты Рамазан айымен құттықтап,3000 дана Ораза кестесі таратылды.

Бұл кестеде сәресі және ауызашар уақыттары, күнделікті бес уақыт намаз кестесі, сондай-ақ оразаға қатысты маңызды мәліметтер қамтылған.

Барша мұсылман бауырларымызды осы қасиетті айда көбірек сауап жинауға, мешіттерде құлшылық жасауға және бір-бірімізге жақсылық жасауға шақырамыз. Алла Тағала жасаған ғибадаттарыңызды, дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!Рамазан айы мүбәрак болсын!