blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: Танымдық шара ұйымдастырылды

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жанындағы Жастар ісі секторы танымдық шара ұйымдастырды.

Жастар алаңында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің имамдары мен ұстаздары Құрбан айттың көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында балаларға иісі мұсылманның ұлық мерекесі жайлы сұрақтар қойып, оларға тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестірді.