blog Images

“Әбіш қожа” мешіті Құрбан айтқа орай 100 отбасыға қайырымдылық жасады

Бүгін Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне орай Жаңаөзен қаласы орталық Әбіш қожа мешітінің ұйымдастыруымен ауқымды қайырымдылық шарасы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау мақсатында жүзеге асқан қайырымдылық шарасы барысында 100 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түліктерді үлестірді.Мешіт бас имамы Қажымұқан Далубайұлы барша жанды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап,ізгі ниетін білдірді.