blog Images

«Адамзаттын асыл тәжі” атты Мәуліт мерекесі аталып өтті

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі, Жаңаөзен қалалық мешіттерінің ұйымдастыруымен “Адамзаттын асыл тәжі” атты Мәуліт мерекесі атап өтілді.

Жиынға 400 ге жуық ақ жаулықты әжелер мен қыз — келіншектер қатысты . Жиын барысында Маңғыстау облысы бойынша әйел қыздар сектор жетекшісі Қоңыратбайқызы Ұлдаулет ұстаз Жаңаөзендіктерді Мәуліт мерекесімен құттықтап, ары қарай пайғамбарымызды ұлықтайтын ән- шумақтар, көріністер, сұрақ- жауаптар ұйымдастырылып, ойынға қатысқандарға сыйлықтар берілді. Салауат жарысына қатысып, басып озған жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталды. Қайырымды жандардың қолдауымен кеш соңында Шаңырақ мешітінің әйел-қыздар ұстазы Қайратқызы Айнұр ұстазға кіші қажылыққа екі жолдама , Шаңырақ мешітінің белсенді , әрі тұрақты шәкірті Назарова Айжанға кіші қажылыққа екі жолдама сыйланды.