«Адал ас және тағамдық қоспалар» атты семинар өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына арналған «Адал ас және тағамдық қоспалар» атты танымдық семинар өтті.
Семинар барысында өңіріміздегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы халал өнімнің діндегі орны, қоғам үшін маңыздылығына тоқталып, көпшілікті шариғат талаптарына сай тағамдарды тұтынуға шақырды.
Осыдан кейін ҚМДБ-на қарасты «Халал Даму» мекемесінің технолог маманы Асел Мақсатқызы ас үй иелеріне адал тағамның дайындалуы барысында негізге алынатын кеңестер және рұқсат етілген тағамдық қоспалар жайлы баяндама жасап, слайд түріндегі мағлұматтармен таныстырды.