blog Images

50 бүлдіршінге «Рамазан тәттілері» таратылды

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің қызметкерлері «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы»мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленіп жатқан балаларға «Рамазан тәттілерін»үлестірді.

Кішкентай балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында бүлдіршіндерге  тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілерді салынған сыйлық дорбаларын үлестірді. Мұндай ерекше сыйлық елу баланың езуіне күлкі сыйлап, қуаныштарын еселей түсті.Сонымен қатар,облыстық мешіт наиб имамы Байкенже Серікбайұлы мекеме қызметкерлерін,бүлдіршіндерді ұлық ай Рамазан айымен құттықтап,50 балаға тәттілер салынған қораптарды табыстады.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында өткен игі шараға демеушілік білдірген жанашыр азаматтарға Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің атынан өз алғысымызды білдіреміз!