blog Images

150 шәкіртке Құрбан айт тәттілері таратылды

Құрбан айт мерекесіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Имани жаз-2024» сауат ашу курсында білім алып жатқан ұл-қыз шәкірттеріне көңіл күй сыйлап, рухани тәрбиеге баулу мақсатында  150 шәкіртке айттық тәттілері  таратылды.

Жиынға алқалы қариялар,ақ жаулықты аналар,облыс бас имамы арнайы қатысып,шәкірттерге тағылымды насихат айтып,баталарын берді.