blog Images

150-ге жуық бүлдіршінге мерекелік шара ұйымдастырылды

 ҚМДБ Маңғыстау облыстық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен 1-ші шағын ықшам ауданында орналасқан №3 ші  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы тәрбиеленіп жатқан  150-ге жуық ерекше  бүлдіршіндерге   тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілер салынған сыйлық дорбаларын үлестірді.

Шара барысында ерекше балаларға сусындар, тәттілер үлестіріліп берілді және арнайы шақыртылған аниматорлар балаларға түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырып, бүлдіршіндерді ерекше қуанышқа бөледі. Мұндай ерекше сыйлық балалардың езуіне күлкі сыйлап, қуаныштарын еселей түсті.Сондай-ақ облыс бас имамы бүлдіршіндерге батасын беріп,дендеріне саулық тілеп,жылы лебізін білдірді.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында өткен игі шараға демеушілік білдірген кәсіпкер азаматқа Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің атынан өз алғысымызды білдіреміз!