blog Images

150 бүлдіршінге Құрбан айт тәттілері таратылды

Қасиетті Құрбан айт қарсаңында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мен Маңғыстау қажылар қауымдастығының ақсақалдарымен бірлесе отыра, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан бүлдіршіндерге “Құрбан айт тәттілерін” үлестірді.

Сонымен қатар,1-ші шағын ықшам ауданында орналасқан №3 ші әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы тәрбиеленіп жатқан ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге ұлы мерекеге орай  тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілер салынған сыйлық дорбаларын үлестірді.Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы балаларды Құрбан айт мерекесімен құттықтап,дерттеріне шипа, дендеріне саулық тіледі.