blog Images

ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ШЫҢДАУҒА АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК СЫНАҚ АЛУ АЯҚТАЛДЫ

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдардың кәсіби білімін арттыруға арналған  екі күндік сынақ алу шарасы аяқталды.

Өңірге қарасты барлық мешіттердің имамдары тест түрінде және ауызша сынақ бойынша екі кезеңнен тұратын Құран,Ақида, Фиқһ ілімдері,Тәжуид,ҚМДБ құжаттары бойынша сұрақтарға жауап берді.Сынақ төрағасы Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мен сынақ сараптама комиссия мүшесі Марат Жарылқапұлы сынақ ережелерімен таныстырып,дін қызметкерлерінің біліктілігі мен білімін сараптаудан өткізді.


Шара соңында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы “Имамдарымыз бен барша дін жолында жүрген қызметкерлер білікті де  білімді болуы шарт. Олар Құран мен шариғат, ақида, фиқһ ілімі,тәжуидпен қатар ҚМДБ бекіткен құжаттарды жетік меңгеріп, сондағы талаптарға сай болуы тиіс.Қазіргі заман талабы зияткер имам  деген мәртебеге лайықты дін қызметіндегі мамандарды іріктеу мен оларға мәртебе беруді көздейді“,-деп атап өтті.