

«Шаңырақ» мешітінің қызметкерлеріне ынталандыру сыйлықтары берілді
Жаңаөзен қалалық мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының ұйымдастыруымен мешіт қызметкерелеріне ынталандыру мақсатында қаржылай сыйақы берілді.
Алланың үйі үшін аянбай қызмет етіп, жамағатымыздың сауаттылығын арттыру үшін қымбат уақыттарын бөліп, еңбек етіп жатқан ұжымға ризашылығын білдірді.
Хадистердің бірінде: «Кім сендерге жақсылық жасаса, оған сыйлық беріңдер. Егер берер сыйлық таппасаңдар, ол үшін дұға жасаңдар» делінген. Барша мұсылман қауымын, отандастарымды өзара жақсылық жасап, қамқор болуға шақырамын.
Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық бергей. Тәуелсіздігімізді баянды болғай. Әмин!