100 қала тазалықшыларына “Ауызашар қоржыны” үлестірілді
Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешіті және “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен қала тазалығын қамтамасыз етіп отырған қала тазалықшыларына қасиетті Рамазан айының құрметіне”Ауызашар қоржынын” үлестірді.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүретін қала тазалықшыларын қолдау мақсатында өткен игі шарада мешіт қызметкерлері 100 еңбек қызметкерлеріне ауызашар себеттерін таратып, қоғам игілігі үшін қызмет атқарып жүрген еңбекқор жандарға алғыс білдіріп, жасап жатқан қызметтері үшін Алладан мол сауап тіледі.



