blog Images

“Әбіш қожа” мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық “Әбіш қожа” мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы барысында 25 отбасыға азық түлік себеттері таратылды.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.