blog Images

ПӘТУА ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘН-МАҢЫЗЫ

Араб тілінде «пәтуа» дегеніміз «керекті мәселе, іс жөнінде шариғат ілімін терең білетін ғалымның шығарған қарары, шешімі, тоқтамы, қорытындысы» сынды мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы «сұраған кісіге дәлел негізінде шариғи үкімді түсіндіріп беру» – деген сөз.
Пәтуа берушілердің алғашқысы – ол Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Пайғамбарымыздан кейін пәтуа бергендер ғалым сахабалар, табиғиндер, табаға-табиғиндер және мужтаһид ғалымдар. Осылайша бұл іс қазіргі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Әр заманның пәтуа беретін өз ғалымдары болуы тиіс. Өмірде жаңадан пайда болған мәселелер бойынша пәтуа беріп отыру парыз кифая саналады.
Пәтуаның жауапкершілігі ауыр. Өйткені, ол – халал-харам, сауап-күнә, жәннат-тозақ ортасындағы Алланың үкімі. Сондықтан пәтуа беретін адамнан сақтық пен мұқияттылық талап етіледі.
Пәтуа – бұл үлкен жауапкершілік
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Пәтуға жармасқандарыңыз – тозаққа жармасқандарыңыз», – деген тін адам, ақырында, өзін тозаққа салумен бітіреді.
Халқымыз: «Оймақ пішсең де ойланып піш» – деген.
Мұсылмандар пәтуаның жауапкершілігін жете түсінгендіктен өзінен ілімі жоғары, білімді ғалым бар жерде үндемеуді жөн көрген. Имам Нәуәуий (Алла оны рақымына алсын) «әл-Мәжмұғ» атты кітабында Әбдурахман ибн Әбу Ләйләдан мынадай дерек келтіреді:
«Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір жүз жиырма ансарлық сахабаларының әрқайсысынан мәселе сұралған кезде, “анадан сұра, мынадан сұра” деп, ақыр соңында сұраған кісіге қайта айналып келгенін көрдім».
Абдулла ибн Омар (Алла одан разы болсын) – фиқһ саланы жетік меңгерген сахаба. Ол Алла Тағаланың кітабы Құранды және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеттерін өте жақсы білген. Алайда, білмегенін кездестірген кезде лезде мойындап, «бұл мәселені білмеймін» деп айтудан тартынбаған.
Ибн Әбдулбарр «Нәмиғул әл-ильм» атты кітабында Уқба ибн Муслимнен (Алла оған разы болсын) мынадай хабар жеткізеді: «Ибн Омармен отыз төрт жыл серік болдым. Адамдар одан сауал сұрағанда, көбінесе, “білмеймін”, деп жауап беретін, кейін маған қарап: “Мынау кісілер не қалап тұрғанын білдің бе?! Олар біздің желкемізді тозаққа көміп етпек”, – деп түсіндіретін».
Ибн Сағд Нафиғ (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Бір адам келіп Ибн Омардан мәселе сұрады. Ол кісі басын иіп үндемей отырды. Әлгі адам сұрауымды естімей қалған шығар деп: «Алла сізді рақым етсін! Сұрауымды естімей қалған боларсыз», – деді. Сонда Ибн Омар: «Естідім. Дегенмен әрбір айтқан сөзіміз үшін Алла Тағаланың алдында жауап береміз ғой. Азғана уақыт беріңіз, сұрағыңыздың жауабын анықтайын. Қалай жауабын табамын, сізге хабарлаймын, білмесем, білмеймін деп айтамын», – деді.
Суфьян мен Сахнуннан мынадай дерек келген:
«Адамдардың пәтуаға тырыспаңдар!» – деп сіздерсіз. Нағыз ғалым пәтуаға жауап айтудан жасқанып тұрады. Бірақ мәселенің үкімі Құран, сүннет немесе ижмағат арқылы анық болса, ол міндетті түрде бар ықыласпен салады. Ал егер ондай дәлел фи (жасырын) немесе ол туралы бірнеше пікірлер айтылған болса, аталмыш мәселені мұқият түрде зерделейді, содан соң осы түйіндейді. Нәтижі толық маған жауабын айтуға асықпайды».
Кім болса да «білмеймін деп айту – ілімнің жартысы» – деген қағиданы ұмытпаған дұрыс.

ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы