blog Images

ИХСАН МӘРТЕБЕСІ

«Ихсан», жақсылық жасау, бір істі ең көркем түрде сапалы жасау және Аллаға ықыласпен құлдық ету мағыналарында қолданылады. Исламның негізгі ұстанымдарының бірі болған ихсан, өміріміздің барлық алаңын қамтитын ахлақи бір ұғым. Мухсин (1) болған Аллаһ Тағала қалай барлық нәрселерді ихсанмен көркем түрде жаратқан болса (2) ең көркем түрде жаратылған адамнан да (3) әрбір істі ихсан негізінде жасауын талап етуде. Сондықтанда ихсан дәрежесіне жетіп өзін Аллаға тапсырған құлды да Раббысының құзырында сый-сияпат күтуде. Бұндай құлдар үшін ешқандай қорқу және қайғы жоқ (4) және Алланың рахымы оларға өте жақын (5) болады. Ұлы Алла, жақсылық жасаған құлдарымен бірге болатынын, (6) оларды жақсы көретінін (7) және жасаған ізгі амалдарының сауабын зая кетірмейтінін баяндауда.

Құран Кәрімде әртүрлі қалыптарда көптеп келетін ихсан ұғымының ең жақсы анықтамасын Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) жасады. Ол, «Жәбірайл хадисі» деп танылған риуаятта адам бейнесінде келген Жәбірайлдің (Әлейһис-Сәлам) «иман деген не?», «ислам деген не?» сұрақтарынан кейін «ихсан деген не?» деген сұрағына былай деп жауап бергенді: «Ихсан, Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасауың. Сен оны көрмесең де Ол сені көреді.» (8) Бұл анықтамаға қарайтын болсақ ихсан, ықылас және мурақаба яғни әрдайым Алланың бақылауында екенін сезіну хәлі екенін білдіруде. Хадистің соңында Аллаһ Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын): «Бұл кісі Жәбірайл, сендерге діндеріңді үйрету үшін келді» дейді. Сондықтан Ихсан, иман және амалды толықтыратын діннің негізгі талабы. Бұл түсінік бойынша Сүйікті Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) «Аллаһ Тағала, әрбір істе ихсанды әмір етті» сөзінің маңызы ортаға шығуда. Өйткені ихсан, момын мұсылманның тек Алла мен болған қарымқатынасында ғана емес, ата-анасынан бастап жақын туыстары, басқа адамдармен және жанды жансыз бүкіл жаратылыспен қарымқатынасын қамтитын және осылайша адам баласын кемелдікке тәрбиелейтін бір ұғым.

Аллаһ Тағала Нахл сүресінің 90-аятында құлдарына әуелі әділетті, артынан ихсанды әмір етуде. Ихсан әділдіктен жоғары бір сипат. Өйткені әділдік, кісінің керек мөлшерін беріп ақысын алу. Ал ихсан, керек болған мөлшерден артығын беріп ақысының аз бөлігін алу. Сол үшінде әділдік жасау уәжіп, ихсанды ұстану мұстахаб және ерікті. (9) Сонымен қатар Алла Тағала құлдарына қалай ихсан жасаса, құлдарының да дәл солай ихсан негізінде амал жасауын талап етуде.

Раббымыз өзіне құлдықтан кейін ата-анаға, туыстарға, жетімдерге, кедей-кепшіктерге, жақын көршілерге, ұзақ көршілерге, достарға, жолаушыларға және қол астындағы құлдарға (қызметкерлерге) ихсанды (жақсылық жасауды) әмір етті. (10) Некені жалғастыралмай ажырасуды керек ететін жағдайда да ихсанмен мәміле жасауды бұйырды. (11) Раббымыз хикметке толы Құран кітабіміздің жақсылық жасағандарға тура жолға түсіруші және мейрімділік ретінде түсірген аяттарында (12) мухсин құлдарын былай сипаттауда: Олар кеңшілікте де, таршылықта да дүние-мүліктерін Алла жолында жұмсайтын, (ашу қысқанда өздерін ашуландырған адамның жазасын беруге шамасы жете тұрып) ашуларын бастырып адамдарды кешіретіндер. Сондай-ақ олар жаман бір іс жасағанда немесе өздеріне зұлымдық жасағанда бірден Алланы еске алып күнәларының кешірілуін тілейтін және білген хәлде күнәларын жалғастырмайтындар. (13)

Алла Елшісіде (Оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) қарыз алып беру жайында «Сендердің ең жақсыларың, қарызын ихсанмен (көркем түрде) өтегендеріңіз.» (14) деп бұйырған. Отбасы іші мәмілелер жайында еркектерге, әйелдерінің жеп-ішу және киім-кешек қажеттіліктерін ең көркем түрде өтеулерін өсиет етуде. (15) «Адамдар жақсылық жасаса бізде жақсылық жасаймыз, зұлымдық жасаса бізде зұлымдық етеміз» дейтін ахлақсыз адамдардан болмаңдар. Бәлкім жақсылық жасағандарында адамдарға жақсылық жасауды, жамандық жасағанда оларға зұлымдық жасамауды әдет хәліне келтіріңдер.» (16) деп бұйыру арқылы негізгі жақсылықтың ешқандай пайда күтпестен тек Алланың разылығы үшін жасалынатынын білдіруде.

Адамдарға ихсанға негізделген қарымқатынасты құрудың керектігін білдіретін осыншама әмір және ұсыныстардан кейін «Алла, әрбір істе ихсанды (көркем жасауды) әмер еткен…» (17) хадисі, ихсанның адам өмірін қамтитын жалпы ахлақ ұстанымы екенін ап-ашық көрсетуде. Сондықтан момын мұсылман, адамадармен жағымды немесе жағымсыз барлық қарым қатынаста ихсанды негізге алуы керек. Соғыс сияқты (еш ұнатылмайтын) жағдайда да ұстану керек. Сол үшін де Ислам дінінде, тірі жандарға жәбір шектіруден тиылғандай өлілерге де жәбір шектіру мағынасын білдіретін «муслә»дан (18) тиылған. Ихсанды негізге алудың алаңын кеңейтетін болсақ, адамдарға жақсылық жасау керек болғандай басқа да жан иелеріне көркем мәміле жасап оларға да жақсылық жасау керектігі ортаға шығуда. Жоғарыдағы хадистің жалғасында да хайуанды бауыздар кезде жәбір шектірместен көркем түрде жасау керектігін баяндауда. (19)

Ислам дінінің негізгі қағидаларының бірін ұсынған бұл хадиске қарағанда ихсан, иман және ғибадатты толықтыратын бір қасиет ретінде Аллаға құлдықта ең үстінгі мәртебені білдіреді. Бұл жоғары мәртебеге жеткен мұсылман, жаратылысынан ие болған көркемдікке сай амал жасау арқылы өзі Раббысының мына сүйіншісіне қол жеткізеді: «(Алланың өзін көріп бақылап тұрғанын сезіне отырып) үнемі ізгі амалдар істегендерге айрықша сый (жәннат) және артығы (Алланы көру нығметі) бар. Олардың жүздерінен қайғының, не қорлықтың белгілері көрінбейді. Міне, олар жаннаттықтар және олар ол жерде мәңгі қалады.» (20)

 

(1) жақсылық жасаушы.

(2) Сәжде сүресі 7-аяты.

(3) Тин сүресі 4-аяты.

(4) Бақара сүресі 112-аяты.

(5) Ағраф сүресі 56-аяты.

(6) Нахл сүресі 128-аяты.

(7) Бақара сүресі 195-аят, Әли-Имран сүресі 34-аят, Майда сүресі 93-аяты.

(8) Муслим, Иман, 1.

(9) Рағиб әл-Исфахани, әл-Муфрадат.

(10) Ниса сүресі 36-аяты.

(11) Бақара сүресі 229-аяты.

(12) Лұқман сүресі 2-3 аяттары.

(13) Әли-Имран 134-135 аяты.

(14) Бухари, Истиқраз, 2305. Муслим, 1601.

(15) Тирмизи, Нәфақа.

(16) Тирмизи, Бир және Сыла.

(17) Муслим, Сайд және Забайх.

(18) яғни, өлген адамның мұрнын, құлағын кесіп және көзін ойып қорлау.

(19) Тирмизи, 1409. Муслим, 1955.

(20) Юнус сүресі 26-аяты.

 Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы.