Ақтау қалалық “Бекет ата” мешітінде облыстық Құран жарысы өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Ақтау қалалық “Бекет ата” мешітінің ұйымдастыруымен 15 жасқа дейінгі ер балалар арасында қасиетті Құранның 29-30 парасынан жатқа оқудан облыстық Құран жарысы өтті.
Құранды тәджуид қағидасына сай, қатесіз оқу, Құран оқу барысында оқу тазалығы және көркем оқылуы, қойылған сұраққа мүлтіксіз жауап беріп, қатесіз толық жауап беру сынды өзіндік ережелері сақталды.
Бәйгеге түскен 26 шәкірттің ішінен оқ бойы озып:
І-орын– Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылдық “Қосай ата” мешітінің шәкірті Артық Нұрғиса (100 000 теңге)
ІІ-орын – Ақтау қалалық “Бекет ата” мешіті шәкірті 6 жасар Құралбай Мухәммәд (70 000 теңге)
ІІІ-орын – Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылдық “Қосай ата” мешіті шәкірті Абыдрасула Иляс (50 000) теңге иемденді.
Жеңімпаздар арнайы жүлделермен және қаржылай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлақтары берілді. Ақтау қаласының құрметті ақсақалдары Асқар қажы, Жұбаныш қажы, Жомарт қажылар балаларға ақ батасын берді. Облыс көлемінен келген қонақтарға ақ дастарқан жайылды.









